Kazakhstan Energy Reinsurance Company Ltd сатып алу рәсімдері туралы ресми хабарландырулар мен ақпарат.
13.11.2026 г.
АХҚО резиденті, «Kazakhstan Energy Reinsurance Company Ltd» жеке компаниясы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші), «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің №13 қосымшасы болып табылатын «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібін» басшылыққа ала отырып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) арналған аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды.
«Kazakhstan Energy Reinsurance Company Ltd» жеке компаниясы, нақты мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» БО, Б блогы, 1804-кеңсе, электрондық пошта: a.baigaziyeva@kerc.kz.
Тапсырыс берушінің 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалған және 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес дайындалған жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтер.
Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сұрау салудың көшірмесін әлеуетті қатысушылар электрондық түрде (a.baigaziyeva@kerc.kz электрондық поштасына жүгіну арқылы) немесе қағаз жүзінде мына мекенжай бойынша ала алады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» БО, Б блогы, 1804-кеңсе. Алдын ала +7 (7172) 55-20-11 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.
«Kazakhstan Energy Reinsurance Company Ltd» жеке компаниясының бас бухгалтері Байгазиева А.К.
Байланыс ақпараты: жұмыс телефоны: +7 (7172) 55-20-11, электрондық пошта мекенжайы: a.baigaziyeva@kerc.kz.
Ресми ұсынысты қолма-қол тапсырған жағдайда, әлеуетті қатысушының уәкілетті өкілі әлеуетті қатысушының атынан ресми ұсынысты ұсынуға өкілеттігін растайтын сенімхатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
Басталу мерзімі: 2026 жылғы 13 қараша, сағат 10:00.
Аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 23 қараша, сағат 10:00.